Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Бокстан Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан финалда жеңіліс тапты

Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бокстан Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан финалда жеңіліс тапты
Фото: әлеуметтік желіден

70 келіде сынға түскен Төрехан Сабырхан шешуші кезеңде Иордания өкілі Зейад Ишаишпен қолғап түйістірген.

"Шиеленісті өткен айқастың тағдыры шешуші раундта шешіліп, 5:0 есебімен Зейад Ишаиш жеңімпаз деп танылды", - делінген хабарламада.

Осылайша, Төрехан Сабырхан күміс медальға ие болды.