Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған Paryz.kz.
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр.
75 келідегі Сабыржан Аққалықов ақтық сында Өзбекстан спортшысы Жавохир Абдурахимовпен жолыққан.
Сабыржан алғашқы минутта-ақ техникалық шеберлігін көрсетіп, қарсыласын толықтай бақылауға алған. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен жеңіске жеткен.