Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Айгерім Сәттібаева бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық боксшы Айгерім Сәттібаева Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды paryz.kz.

Айгерім Сәттібаева бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

Бокстан Моңғолия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтуде. 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айгерім Сәттібаева жартылай финалда турнир қожайыны Номундари Енх-Амгаланға есе жіберді.

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің қола жүлдесін иеленді. Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Ұлжан Сәрсенбек Моңғолияда өтіп жатқан құрлық чемпионатының ширек финалдық кездесуінде жеңіліс тапқанын хабарлағанбыз.