Ұлыбританияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Финалдық жекпе-жекте Сабырхан испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен жұдырықтасып, бірінші раундтан бастап ұпай саны жағынан алға шықты. Ал екінші раунда шабуылдарын үдетті. Үшінші раунда та қазақстандық боксшының есебіне жазылды. Қарсыласы ештеңе істей алмады. Қорытынды есеп – 5:0.
Осылайша, Махмұд Сабырхан 55 келі салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Айта кетері, биылғы әлем чемпионаты Ұлыбританяның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр.
Сабырханның алдында Назым Қызайбай күміс жүлдеге ие болса, Санжар Тәшкенбай алтыннан алқа тақты.