Прямая трансляция

Астана

Астана

14.1°C

Бокстан Өзбекстан құрамасы Астанада өтетін Әлем кубогына қатысудан бас тартты

Өзбекстанның бокс құрамасы Астанада өтетін World Boxing Әлем кубогының кезеңінде тек әйелдер командасымен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бокстан Өзбекстан құрамасы Астанада өтетін Әлем кубогына қатысудан бас тартты
Фото: Getty images

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов өзбек командасы жарысқа қатысудан бас тартқанын айтқан еді.

"Бастапқыда олар турнирге қатысатынын мәлімдеген, бірақ бір-екі аптадан кейін жоспарларынан айнып қалды. Бұл шешім тактикалық ойлармен байланысты болуы мүмкін", – деді Сәтжанов.

Өзбекстандық БАҚ өкілдері бокстан өз елінің ерлер құрамасы Астанада өтетін жарысқа келмейтінін хабарлады. Көрші елдің ұлттық құрамасы тек әйелдер командасынан спортшылар алып келеді. Әзірге Өзбекстан құрамасының федерациясы ресми шешімді хабарлаған жоқ.