Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Елена Рыбакина Франциядағы WTA 500 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбургтегі (Франция) WTA 500 турнирінде топ жарды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Елена Рыбакина Франциядағы WTA 500 турнирінің чемпионы атанды
Фото: WTA

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина финалда әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті. Бірінші партияда есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді. Содан кейін дес берген жоқ – 6:1.

Екінші сетте Елена брейкпен алға шыққанымен, Самсонова сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2. Тай-брейкте ресейлік спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:2). 

Үшінші, шешуші сетті Рыбакина брейкпен бастады – 3:0. Тағы бір брейк – 5:1.

Ақыры матчты кезекті эйспен түйіндеді – 6:1. 

Осылайша, биылғы маусымда алғашқы титулына қол жеткізген Елена142 610 еуро табыс тауып, 500 рейтингілік ұпайға ие болды.