Прямая трансляция

Астана

Астана

31.45°C

«Ұлы дала жорығы-2025»: Төртінші кезеңнің қорытындысы шықты

13-мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Ұлы дала жорығы-2025»: Төртінші кезеңнің қорытындысы шықты
Фото: Joryq ат спорты

Таңғы 7.00-де 9 команда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаншеңгел ауылының маңынан жорықты жалғап, Іле ауданы, Ақши ауылының маңынан аяқтады.

Төртінші кезең яғни бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Ұлытау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.

400 км қорытындысы: Жалпы уақыт

1 Ұлытау облысы 25:21:07

2 Астана қаласы 25:48:04

3 Маңғыстау облысы 25:57:02

4 Қырғызстанның бірінші командасы 26:36:34

5 Алматы облысы 28:07:51

6 Қырғызстанның екінші командасы 31:02:57

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды.

Марафон ертең 14 мамыр күні Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында мәреге жетеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі ертең сағат 18:00-де Қонаев қалалық саябағында өтеді.