Boxingscene.com тілшісі Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең мықты боксшыларының тізімін жасады, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл тізімге WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) да кірді.
Ол 20-шы орында тұр. P4P-рейтингінің көшбасшысы ретінде Эдвардс америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфордты (41-0, 31 КО) таңдаған.
Сонымен қатар, үздік бестікке украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО) мен ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) кірді.
Ал әлемдік бокстың бет-бейнесі саналатын мексикалық Сауль Альварестің (62-2-2, 39 КО) рейтингіде 8-ші орында тұрғаны айтылған