Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңіс тұғырына көтерілді.
Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) еңсерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды – 261 келі (108+153). Ал үздік үштік ресейлік Абубакар Цакаевтың еншісіне жазылды – 252 келі (113+139).