Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда бойжеткен 12-қабаттан құлап көз жұмды

Алматыда 12-қабаттан құлап кеткен қыз бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда бойжеткен 12-қабаттан құлап көз жұмды
Фото: әлеуметтік желіден

Өкінішке қарай, қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне ресми түсіндірме жасады.

«Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. 24 жастағы қыздың қаза болу себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.