Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" хабарлауынша, 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды paryz.kz.

Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді
Фото: istockphoto.com

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.2, тереңдігі 120 км болды.

Сейсмологтардың мәліметінше, дүмпулер Қазақстанның оңтүстігінде әлсіз сезілді: Шымкент қаласында – 2 балл, Түркістан облысының Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында – 2 балл, Жетісай қаласында – 2 балл, Шардара қаласында – 2 балл (MSK-64 шкаласы бойынша). Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.