Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Абай облысындағы жол апаты: қылмыстық іс қозғалды

Абай облысының Үржар ауданында болған үш баланың қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Абай облысындағы жол апаты: қылмыстық іс қозғалды
Фото: polisia.kz

ІІМ дерегінше, облыстық полиция департаменті қылмыстық істі тергеуде. Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот санкциясымен оған екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.