Оралда 23 жастағы жергілікті тұрғын бұрынғы қызын бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы күдікті үш жыл бойы бұрынғы қызының интим сипаттағы фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан ақша талап еткенін анықтады.
"Осы уақыт аралығында жәбірленуші оған 9 миллион теңге берген. Бопсалау фактілері банктік аударымдармен және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция кез келген бопсалау жағдайында бірден құқық қорғау органдарына хабарласу қажет екенін ескертті.