Желіде Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағының Астанаға жақын жерде құлаған сәті түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Жеңіл моторлы ұшақтың қатысымен болған төтенше жағдай 17 тамызда орын алған еді. Оқиға салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.
Апатты тергеу үшін Ішкі істер министрлігінің, көліктегі полиция департаменті мен Ақмола облысы қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.
Aerostar R40F – румын өндірісіндегі шағын екі орындық оқу-жаттығу және спорттық ұшақ. Ол жеңіл әуе көліктерінің санатына жатады: төмен қанатты, алюминий корпусты және жиналмайтын үш тіректі шассимен жабдықталған.
Ұшақ шамамен 100 ат күшіне ие Rotax қозғалтқышымен жарақтандырылған және негізінен оқу-жаттығу мен серуендік әуе ұшуларына пайдаланылады.