Алматыдан Астанаға ұшатын Air Astana рейсі уақытында орындалмады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әуе кемесіне құс кедергі болған.
"14 тамызда орындалуға тиіс КС 621 Алматы- Астана рейсі кешігіп жатыр, себебі КС 622 Астана - Алматы рейсін орындаған ұшаққа құс соғылған", - дейді компанияның баспасөз қызметі.
Ұшақ Алматыдан Астанаға 9:20-да ұшу керек болған. Рейс уақыты 11:45-ке ауыстырылды. Жолаушылар жағдайдан хабардар, толық ақпараттандырылды, деді компания.