Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда үстіне ағаш құлаған 27 жастағы әйел қаза тапты

Алматыда үстіне ағаш бұтағы құлаған 27 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматыда үстіне ағаш құлаған 27 жастағы әйел қаза тапты
Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға 13 тамыз күні шамамен сағат 12-де Qarasai park тұрғын үй кешені маңында, Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, сынып кеткен ағаш бұтағы әйелдің үстіне құлаған. Ол оқиға орнында көз жұмды. Марқұм сол маңдағы кеңселердің бірінде бухгалтер болып жұмыс істеген. Оқиға кезінде ол әріптесімен бірге кеңсеге қайтып келе жатқан.

Қасында болған әріптесі ағаштан жалтарып үлгерген. 27 жастағы әйелдің артында 6 жастағы баласы мен күйеуі қалды. Бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.