Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда автобус жүргізушісі әйелді қағып өлтірді

Бүгін таңертең Алматы қаласының Жетісу ауданында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Айнабұлақ ықшамауданында Yutong маркалы автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, әйел адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды

Алматыда автобус жүргізушісі әйелді қағып өлтірді
фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға сағат 10:00 шамасында, Макатаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.

«Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, оңға бұрылған кезде жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Жаяу жүргінші жолды оңтүстік бағытта кесіп өтпек болған. Өкінішке қарай, 1957 жылы туған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады қалалық полицияның баспасөз қызметі. 

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі дереу жеткенімен, жаяу жүргіншінің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Аталған дерек бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы тексерілуде, - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жол-көлік оқиғасынан кейінгі жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тарады.