Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

2025 жылдың 29 шілдесінде Алматы маңындағы Жастар шыңында жоғалып кеткен 20 жастағы қазақстандықтың денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт өлі күйінде табылды
фото: әлеуметтік желіден

Құтқарушылардың шыңға көтерілуі мен денені төмен түсіруі шамамен 5 сағатқа созылды. Жастар шыңы — Іле Алатауының бөлігі, Алматы маңындағы таулы аймақта орналасқан.

Шыңның биіктігі теңіз деңгейінен 4 мың метрден асады.

"Біз Аланды жоғалттық…", - деп жазды Threads әлеуметтік желісінде марқұмның әпкесі Диана Айдархан. 

Оқиға орнында Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) психологы жұмыс істеуде.

Жігітті іздестіру жұмыстары екі тәулікке жуық уақытқа созылды. Оған ТЖМ-ның тікұшағы, Өңірлік жедел-құтқару жасағы (ӨЖҚЖ), Құтқару қызметі, ТЖД-ның арнайы авариялық-құтқару қызметі, кинологтар және еріктілер жұмылдырылды.