Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

Жамбыл облысында ер адамды улы жылан шаққан

Мойынқұм дәрігерлері 62 жастағы ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Жамбыл облысында ер адамды улы жылан шаққан
фото: әлеуметтік желіден

Оны кешкі уақытта улы жылан — қалқантұмсық оң аяғының табанынан шағып алған.

Бірнеше минут ішінде қатты ауырып, ісіп кеткен. Ол бірден тізеге дейін жайылған. Қазір науқас бақылауда. Қан қысымы, жүрек соғысы, тыныс алуы қалыпқа келген, ісік басылған.