Прямая трансляция

Астана

Астана

22.74°C

«Қазақта жоқ дәстүр»: Оралда «тентек кәде» сұраған жігітті жаңа құдасы ұрып құлатты (ВИДЕО)

Оралда құдадан «тентек кәде» сұраған жігіт оңбай таяқ жеді. Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қазақта жоқ дәстүр»: Оралда «тентек кәде» сұраған жігітті жаңа құдасы ұрып құлатты (ВИДЕО)
Коллаж: paryz.kz

Жазба авторының айтуынша, Орал өңірінде ауылдың жігіттері жаңа құдалардан «тентек кәде» сұрайтын дәстүр бар. Алайда бұл жолы кәде сұрау соңы жанжалға ұласқан.

Көпшілік мұндай әрекетті сынға алды.

«Шымкентте құдаларды құдайындай күтеді. «Тентек кәде» дегенді 60-қа келіп, бірінші рет естіп отырмын, қазақта жоқ дәстүр», – деп жазды қолданушылардың бірі. 

Тағы бір пікір иесі: «Құрсын. Қайталамаңдар енді. Дәстүр бар екен деп айтпаңдаршы», – деген.

Тентек кәде — бұл көбінесе Батыс Қазақстан өңірінде (Орал, Бөкей ордасы) күйеу келген кезде жасалатын ертеден келе жатқан әзіл-оспақ, ойын түріндегі дәстүрлі кәде.

Мән-мағынасы

Бұл ғұрып кезінде құдалар мен тойға келген қонақтар бір-біріне қалжың айтып, түрлі әзіл тапсырмалар беріп, өзара сыйлық алмасады. Мақсаты — тойдың көңіл-күйін көтеру, жастардың ортасын бауырластыру және қонақтарды күлдіріп, көңілді отырыс құру.