Прямая трансляция

Астана

Астана

21.67°C

«Сотталған адам болып қала береді»: Салтанат Нүкенованың ағасы Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты ойын айтты

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді 6 жылға сотталған Бақытжан Байжановтың амнистиямен бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сотталған адам болып қала береді»: Салтанат Нүкенованың ағасы Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты ойын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Айтым Нүкеновтің айтуынша, жәбірленуші тараптың адвокаттары амнистия мәселесін зерттегенімен, бұл шешімге ықпал ете алмаған.

Сондай-ақ олардың айтуынша, сот отырысына жәбірленуші тарап шақырылмаған әрі алдын ала хабарланбаған. Себебі заң бойынша амнистия мәселесі жәбірленуші тараптың қатысуынсыз қаралады. 

“Адвокаттар кеше бұл мәселені зерттеді. Амнистияға қатысты болғандықтан, біз ештеңе істей алмадық. Оны жаңа Конституцияның арқасында екі рет амнистиялады. Бізді сот отырысына қоспады, хабарлама да жіберілген жоқ. Оның үстіне амнистия мәселесі жәбірленуші тараптың қатысуынсыз қаралады. Осындай "ізгі" сотымыз бен жаңа Конституцияға рақмет”, – деп жазды ол. 

Сондай-ақ Айтым Нүкенов амнистия адамның кінәсіз екенін білдірмейтінін атап өтті.

“Амнистия – ақтау емес. Ол сот үкімін жоймайды, адамды кінәсіз деп танымайды және сотпен белгіленген кінәні жоққа шығармайды. Байжанов алдағы алты жыл бойы пробациялық бақылауда болатын сотталған адам болып қала береді”, – деді ол.