Прямая трансляция

Астана

Астана

19.76°C

«Қырғызстан шың ба?» деген сөзі үшін Бота Миа қатаң сынға ұшырады

Қазақстандық блогер әрі модель Ақбота Нұрахын, көпшілікке Бота Миа лақап атымен танымал, әлеуметтік желіде үлкен даудың ортасында қалды. Қырғызстандықтар оның сұхбат барысында айтқан даулы сөздерінен кейін блогерге бойкот жариялаған, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қырғызстан шың ба?» деген сөзі үшін Бота Миа қатаң сынға ұшырады
Фото: әлеуметтік желіден

Желіде Қырғызстандағы іс-шаралардың бірінің сахна сыртында түсірілген видео тарады. Онда жүргізуші Ақботадан «шыңда жүрген» сезімі туралы сұрайды. Бұған жауап ретінде блогер бұл теңеуге күмән келтіріп: «Қандай шың? Қырғызстан шың ба сонда?» деген сарында жауап берген.

Оның бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Көпшілік мұны Қырғызстан мен оның халқына құрметсіздік әрі менмендік деп бағалады.

Әлеуметтік желіде блогерге қатысты сын күшейіп, қолданушылар оның парақшасына жаппай шағымдануға және аккаунтын бұғаттауға үндеп жатыр.

Сондай-ақ іс-шара ұйымдастырушыларын Бота Миамен ынтымақтастықты тоқтатуға және оны бұдан былай Қырғызстанға шақырмауға шақырған пікірлер де жариялануда.

Желі қолданушыларының пікірлерінде: 

«Қырғызстанның қандай биік екенін көрсін! Instagram-дағы пікірлерді өшіріп жатыр, тым болмаса осы видеоны бәрі көрсін», «Өте тәкаппар екен. Қырғызстан оған деңгей емес пе? Жұлдыз ауруына шалдыққан сияқты», «Оған жазылудан бас тартып, парақшасына шағым жіберіңіздер», – деген жазбалар жарияланған.

Кейбір оқырмандар Ақбота Нұрахын жеке хат алмасуда оның сөзін «дұрыс түсінбегенін» айтқан.

 Алайда бұл жауап жұртшылықтың ашуын баса қоймаған. Көпшілік блогерден көпшілік алдында ашық әрі шынайы түсініктеме беруді талап етіп отыр.