Прямая трансляция

Астана

Астана

22.69°C

«Өтірік жанашырлық танытпаңдар»: Блогер Ырысбала Икрамбай күйеуімен ажырасатынын айтты

Блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Өтірік жанашырлық танытпаңдар»: Блогер Ырысбала Икрамбай күйеуімен ажырасатынын айтты
Фото: видиодан скриншот

Ол заңды некені бұзу рәсіміне байланысты тәжірибесімен бөлісіп, егер ерлі-зайыптылардың ортақ баласы немесе ортақ мүлкі болса, некені АХАТ емес, сот арқылы ғана бұзуға болатынын айтты.

"Ғайыптан тайып ажырасамын десеңіз, мен сияқты ЗАГС-қа келіп әуре болып жүрмеңіздер. Егер ортада бала, ортақ дүние-мүлік болса, онда тек сот ажырастырады екен. Біліп жүріңдер", – деп жазды блогер.

Сондай-ақ Ырысбала Икрамбай оқырмандарынан өзіне артық ақыл айтып, жалған жанашырлық танытпауды өтінді.

"Өмір ғой, бұны да көрейік. Звондап, жазып өтірік жанашырлық танытпаңдар. Өз ақылым өзіме жетеді", – деді ол.

Блогердің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.