Әлеуметтік желіде қазақстандық дәрігердің қазіргі балалардың денсаулығына қатысты айтқан пікірі кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Маманның айтуынша, медицина саласында еңбек еткен жылдары ол балалар арасында қатерлі ісік, қант диабеті және өзге де созылмалы аурулардың жиілегенін байқаған.
Дәрігер мұндай жағдайға ата-аналардың, әсіресе аналардың дұрыс тамақтану мен бала күтіміне жеткілікті көңіл бөлмеуі себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ дүкеннен алынатын зиянды тағамдар, балалардың түнгі 2-3-ке дейін серуендеуі немесе гаджет қолдануы, ұйқы режимінің бұзылуы олардың денсаулығына кері әсер ететінін жеткізді.
Маманның сөзінше, егер қазіргі үрдіс өзгермесе, алдағы он жылда дені сау балалардың саны айтарлықтай азаюы мүмкін.
Дәрігердің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі оның алаңдаушылығымен келіссе, енді бірі мұндай тұжырым ғылыми зерттеулермен дәлелденуі тиіс екенін айтып, түрлі пікір білдірді.