Прямая трансляция

Астана

Астана

17.52°C

«Жауапты біреу айтып тұрды»: Аша Матайға қатысты видео қызу талқылануда

Әнші әрі актриса Аша Матайдың Қазақстан халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде ұсынылуы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жауапты біреу айтып тұрды»: Аша Матайға қатысты видео қызу талқылануда
Фото: видиодан скриншот

Журналист Асхат Ниязов партия съезі барысында Аша Матайға саясатқа қатысты бірнеше сұрақ қойғанын айтты.

Оның сөзінше, сұхбат кезінде үміткердің барлық сауалға сенімді жауап бергені байқалған. 

Алайда кейіннен видеоны өңдеу кезінде жауаптар беріліп жатқан сәтте сырттан сыбырлап бағыт-бағдар беріп тұрған адамның дауысы естілгенін мәлімдеді. 

«Алғашында оны тосын сұрақтармен қапыда қалдырмақ болдым. Бірақ бәріне жауап берді. Кейін монтаж кезінде оған жауаптарды біреу сыбырлап айтып тұрғанын байқадым. Мұқият тыңдап көріңіздер», – деп жазды журналист.

Асхат Ниязовтың айтуынша, бұл үзінді саяси партияларға арналған шығарылымның екінші бөлімінде жарияланған. Видеодан кейін желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер айтылып, қызу талқылау басталды.