Прямая трансляция

Астана

Астана

31.31°C

«Абыройын төкпеңдер»: Тұрсынбек Қабатов Димашты «суық қарсы алған» Жүрсін Ерманға араша түсті

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде ақын Жүрсін Ерманға қатысты айтылып жатқан пікірлерге үн қатып, оны қолдап жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Абыройын төкпеңдер»: Тұрсынбек Қабатов Димашты «суық қарсы алған» Жүрсін Ерманға араша түсті
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесі желіде тараған түрлі ақпаратқа біржақты баға бермеуге шақырып, Жүрсін Ерманның қазақ өнеріне сіңірген еңбегін ескеруге үндеді.

Оның айтуынша, ақынның ел үшін ондаған жыл бойы атқарған еңбегі мен жинаған абыройын бір ғана оқиғаға бола жоққа шығаруға болмайды.

«Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, "ағамыздың жасын берсін Димашқа" деп неге жазбайсыздар?» – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі түсірілген бейнежазба кеңінен тарап, көпшілік арасында қызу талқыланған болатын.