Прямая трансляция

Астана

Астана

30.01°C

«Кедергі келтірді»: Данияр Елеусіновтің менеджері жол апатына не себеп болғанын айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев спортшының қамауға алынуына байланысты жағдайға түсініктеме беріп, бұл оқиға оның алдағы жоспарларына әсер еткенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Кедергі келтірді»: Данияр Елеусіновтің менеджері жол апатына не себеп болғанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Менеджердің сөзінше, Елеусінов жақын күндері АҚШ-тың Майами қаласына барып, келесі жекпе-жегіне дайындықты бастауы тиіс болған. Тамыз айында ол Дана Уайттың Zuffa Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын турнирде алғаш рет өнер көрсетуді жоспарлаған.

«Біз Даниярдың Майамиге келуін күтіп отырған едік. Себебі жаттығу лагерін бастап, келесі жекпе-жекке дайындалу қажет болатын. Тамыз айында Zuffa Boxing турнирінде дебют жасауы жоспарланған. Жалпы, осы ұйымдағы алғашқы жекпе-жегі түрлі себептермен бірнеше мәрте кейінге шегерілді. Ең бастысы – ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл жағдайды өзімен міндетті түрде талқылаймыз», – деді Зия Әлиев.

Оның айтуынша, соңғы уақытта спортшының жеке өміріндегі қиындықтар психологиялық жағдайына да әсер еткен. 

«Кейде отбасылық мәселелер адамның басқа дүниеге назар аударуына кедергі келтіреді. Қыста да ол осындай ауыр кезеңді бастан өткерді. Біз одан теріс айналмаймыз. Бұл – өмірдің бір бөлігі. Әр адамның әлсіз тұсы болады. Данияр үшін ол – отбасы», – деп атап өтті менеджер.

Еске салайық, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Данияр Елеусіновтің қамауға алынғаны туралы мәлімет тараған болатын. Зия Әлиевтің айтуынша, болған жағдайға қарамастан, боксшымен жұмыс жалғасады және оның кәсіби мансабына қатысты жоспарларға өзгеріс енгізілмеген.