Прямая трансляция

Астана

Астана

22.2°C

Тамара Асар мен Аша Матай Құрылтай депутаты болуы мүмкін

Қазақстан Халық партиясы кезектен тыс өткен съезінде Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімді бекітті, деп хабарлайды paryz.kz.

Тамара Асар мен Аша Матай Құрылтай депутаты болуы мүмкін
Коллаж: paryz.kz

Тізімге жалпы саны 72 кандидат енгізілді. Партия мәліметінше, үміткерлердің 15-і бұған дейін депутаттық қызмет атқарған. Олардың қатарында VIII сайланған Мәжіліс депутаттары Асылбек Нұралин, Кенжегүл Сейтжан, Ислам Сұңқар және Ирина Смирнова, сондай-ақ экс-сенатор Ләззат Сүлеймен бар.

Партиялық тізімге мәдениет және медиа саласының танымал өкілдері де енді. Атап айтқанда, Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар, тележүргізуші әрі әнші Ақбота Асқарбекова (Аша Матай), актриса Венера Нығматулина, сондай-ақ бірқатар журналистер мен қоғам қайраткерлері кандидат ретінде ұсынылды.

Бұған қоса, бұған дейін партияның белсенді өкілдерінің бірі болған Магеррам Магеррамовтың бұл жолы кандидаттар тізімінен тыс қалғаны белгілі болды.