Шығыс Қазақстан облысында өзен суы "ерекше" түске боялды, деп хабарлайды paryz.kz.
Аймақтағы Карагужиха өзенінің суы қызғылт қоңырқайланғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады.
Бұрын-соңды мұндайды көрмеген тұрғындар алаңдаулы екенін жазып жатыр. Экологтар мен су мамандары өзеннің түсі өзгергенін растап та отыр. Олар аталған мәселе бойынша экология департаментіне ресми өтініштер түспегенін айтады.
"Соған қарамастан мониторинг жүргізілген болатын. Мониторинг аясында 2026 жылдың 26 маусымында Глубокое ауданына қарасты Карагужиха өзенінен су сынамалары алынып, қазіргі уақытта зертханалық талдаулар жүргізіліп жатыр", - дейді экологтар.
Мамандардың айтуынша, зертханалық талдау нәтижелері шыққаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.