Әскерде жүріп, ауыр жарақат алған 24 жастағы Ербаян Мұхтар қайтыс болды. Марқұм соңғы айларда Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығында ем алып жатқан болатын, деп хабарлайды paryz.kz.
«Қайғылы оқиға. Әскерге сау барып, науқас болып оралған Ербаян Мұхтардың дәм-тұзы таусылыпты. Жаңа ғана анасы Гүлсім Қамиева хабарласып, тілшілерден көмек сұрап жатыр», – деп жазды журналист Динара Мыңжасарқызы.