Прямая трансляция

Астана

Астана

31.15°C

«Анам 100 жасайды деуші едім»: Нұрлан Өнербаев қаралы хабармен бөлісті

Қазақстандық әнші Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желідегі парақшасында анасының өмірден өткенін хабарлап, қаралы жазба жариялады.

«Анам 100 жасайды деуші едім»: Нұрлан Өнербаев қаралы хабармен бөлісті
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі анасына деген сағынышы мен өкінішін жеткізіп, жүрек тебірентер сөздер жазған.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Нұрлан Өнербаевқа көңіл айтып, анасының иманы саламат болуын тіледі.