Прямая трансляция

Астана

Астана

31.26°C

«Адамдар оп-оңай сатып кете береді екен»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева шығармашылық жолында кездескен қиын сәттер мен шәкірттерімен арадағы жағдай туралы ашық айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Адамдар оп-оңай сатып кете береді екен»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі ұзақ жыл бойы қолдау көрсеткен жандарынан көңілі қалған кездер болғанын жасырмады. Оның айтуынша, өзі тәрбиелеген жастарға тек өнер үйретіп қана қоймай, өмірлік бағыт-бағдар беруге де күш салған. 

«Біреуінің көзі мүлдем көрмейді, операция жасатып, әке—шешесі жасамаған жақсылықты жасадым. Біреуінің тісін жөндеттім. Оларға коттедж жалдап бердім. Ақшасын мен төледім. Айлығы ол бар, мемлекеттік жобалардан түсетін ақша ол бар, оларға универдегі оқудан бөлек, тұлғалық жайлы, өнер жайлы тағы тегін сабақ үйреттім. Ең қиыны және жаманы осыншама уақыт пен ақшаңды, энергияңды шығындағанда, адамдар оп оңай сатып кете береді екен», — деді Айгүл Иманбаева.

Актриса сахнада көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқанын айтып, табыс пен еңбекті бағалау мәселесіне де тоқталды.

Оның сөзінше, өзі тәжірибе жинаған жылдары алатын жалақысы кейбір жас мамандардың табысынан төмен болған.

Сонымен қатар ол өзіне жақын жүрген адамдардың әрекеті ерекше ауыр тигенін жеткізді.

«Анель деген қыздың толық жағдайын жасадым. Ол бір күні, “бізді сегіз жыл пайдаландыңыз” деді де кетіп қалды. Мен оны оқыттым, магистратурасын компаниямның есебінен төледім, емдеттім ақша беріп тұрдым. Ол кетті де қалды. Былтыр ұжымды жинап, бәріне айттым біразын босаттым жұмыстан. Ең соңында мен монстр, мен жаман, сорақы, елді құлдықта ұстаған адам секілді болдым да қалдым. Достарым да, шәкірттерім де, жақын таныстарым да сатып кетті. Ең жаманы, сенген, жақын жаныңдағы адамдардан келеді екен сатқындық. Адамға өте ауыр тиетіні де жүрегіңе жақын адамдардың тастап, теріс айналуы екен. Мен осындай сатқындықты көріп, әбден қиналдым», — деді актриса.