Жақында 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған блогер Ерболат Жанабылов әлеуметтік желіге қайта оралып, қиын кезеңді бастан өткергенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол Instagram парақшасында 9 ай үнсіз болғанын, ал соңғы 4 айда әлеуметтік желіде мүлде белсенді болмағанын жазды. Жанабыловтың сөзінше, осы уақыт аралығында отбасы қиын кезеңдерді бастан өткерген.
«Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті: соттар, уайым. Отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен», – деп жазды ол.
Сондай-ақ блогер өздеріне қолдау білдірген оқырмандарына алғыс айтты.
«Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді», – деді Ерболат Жанабылов.