Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Динара Сәтжан өзіне ауыр сөз айтқан Бағдагүл емшіге қатысты бар шындықты жайып салды

Танымал тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжан әлеуметтік желіде Ақтөбедегі өзін «емші» ретінде таныстыратын азаматқа қатысты бірқатар сауал көтерді. Ол аталған адамның TikTok пен Instagram арқылы ақылы түрде бата беріп, ем жүргізіп, түрлі «киелі заттар» мен БАД өнімдерін сатып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Динара Сәтжан өзіне ауыр сөз айтқан Бағдагүл емшіге қатысты бар шындықты жайып салды
Фото: әлеуметтік желіден

Сәтжанның айтуынша, ол осы мәселеге байланысты Ақтөбе облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне ресми сұрау жолдамақ. Журналисті әсіресе «ақылы батадан» түскен қаржының қайда түсетіні, салық төлене ме, ем жүргізуге лицензиясы бар ма деген сұрақтар алаңдатады. Сондай-ақ ол әлеуметтік желі арқылы ем жасау, сынық салу, «оқылған дәрі» сату және желілік компаниялардың БАД өнімдерін халыққа ұсынудың заңдылығына күмән келтірді.

Оның сөзінше, мұндай қызмет арқылы қомақты табыс тауып, мүлік пен көліктерді туыстарына рәсімдеу мәселесі де тексерілуі тиіс. Бұдан бөлек, Динара Сәтжан аталған адамның қоғам ішінде алауыздық туғызатын мәлімдемелер жасап жүргенін айтты. Ол өзін әлеуметтік желіде жария түрде қорлап, жалған ақпарат таратты деп айыптады.

«Маған қатысты “мемлекеттік жобалардан ақша алады” деген ақпарат айтылды. Алайда менің мемлекеттен бір тиын алмағанымды, ешқандай мемлекеттік тендерге қатыспағанымды ашық дереккөздер арқылы дәлелдеуге болады», – деді ол. Журналист бұл мәселемен адвокаты Рена Керімованың айналысып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ақтөбе облысының полициясына арыз түсірілген. «Ол Заң аясында барлық іс-әрекеті мен айтқан сөздері үшін жауап береді. Бұл бейберекетсіздікті тоқтататын уақыт келді», – деп жазды Динара Сәтжан.