Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Түркістандағы саммитке дайындық барысынан видео жарияланды

Түркістандағы саммитке дайындық туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістандағы саммитке дайындық барысынан видео жарияланды
Фото: видиодан скриншот

"Түркістан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне дайын", - делінген бейнеролик сипаттамасында.

Әсерлі қысқа видео Президент Телерадиокешені мен Мемлекеттік күзет қызметінің парақшаларында жарияланды.

Кадрлардан Түркістан көшелерімен келе жатқан кортежді және маңызды шара алдында қаланы барлап ұшқан тікұшақтарды көруге болады.

Бұған дейін Ақорда Түркістандағы саммитке дайындық туралы басқа видео жариялаған болатын. Роликте қаланың басты көрікті жерлері мен ТМҰ-ға мүше елдердің тулары көрсетілген.