Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

Нұрай Серікбайдың өлімі: сараптама күдіктінің ақыл-есі дұрыс екенін көрсетті

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайға қатысты іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл жөнінде Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Нұрай Серікбайдың өлімі: сараптама күдіктінің ақыл-есі дұрыс екенін көрсетті
Фото: әлеуметтік желіден

Оның сөзінше, күдікті жақын арада сот алдында жауап береді. Тергеушінің қаулысымен оған сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы да дайын болған. 

Сараптама нәтижесі күдіктінің ақыл-есі дұрыс екенін көрсеткен, яғни ол заң алдында толық жауапқа тартылады. 

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай күдіктінің психикалық орталыққа жеткізілгенін айтып, оның жазадан жалтаруы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген еді.