Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Блогер Жанабыловтар үкім жарияланғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

Ерлі-зайыпты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова 27 сәуірде шыққан сот үкімінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Paryz.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Блогер Жанабыловтар үкім жарияланғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шыққаннан кейін адвокат Гаухар Айтжанова Instagram-да stories жариялады. Видеода оның қорғауында болған блогерлер қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Біз сот пен прокуратураға қабылдаған шешімі үшін, сондай-ақ қамқор отандастарымызға қолдауы мен бізге деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтқымыз келеді. Жақындарымыз бәрін оқып отырды, ізгі тілектерін айтты. Гаухар Алтынбекқызы (Айтжанова - ред.) әрқашан: "бәрі сіздер үшін, сіздерді қолдайды" деп айтатын. Біз қателігімізді түсіндік, оны қайталамаңыздар. Сондықтан барлығына шын жүректен алғыс айтамыз", - деді Эльмира Төлегенова.

Ерболат Жанабылов та қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін қысқаша алғыс айтты.