Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

"Бетпе-бет сөйлесейік, нақұрыс!": Алмат Сақатов Шахановты менсінбеген блогерге қатаң үн қатты (

Желіде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған «Мамбетадор» есімді блогердің сөзі қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл мәлімдемеге танымал актер әрі блогер Алмат Сақатов бейнеүндеу арқылы жауап қатып, ұлт намысына тиген арандатушыны Алматыға келіп, бетпе-бет сөйлесуге шақырды деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

"Бетпе-бет сөйлесейік, нақұрыс!": Алмат Сақатов Шахановты менсінбеген блогерге қатаң үн қатты (
Коллаж: ozgeris.info

Оқиғаның мән-жайы Розыбакиев көшесінің атауын Мұхтар Шахановтың құрметіне өзгерту туралы желідегі талқылаудан басталған. Аталған блогер көше атауын өзгертуге қарсылық білдіре отырып, 1986 жылғы көтеріліс қатысушыларын «бандиттер» деп атаған еді.

Бұл сөзге шыдамаған Алмат Сақатов эмоциясын жасырмай, блогерге төмендегідей жауап қайтарды: 

«Естіп тұрсың ба сен, таудан түскен сақалды оңбаған, желтоқсандықтарды бандит дейтін! Сен ол кезде Жаңа алаңда тұрдым дейсің бе? Сен сол жерде үйіңде отырып, жоғарыдан қарап отырғанда, бұл жігіттер біздің еліміздің, Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресті! Біздің ұлтымыздың, қазақтардың тәуелсіздігі үшін! Біз қазіргідей дұрыс, еркін өмір сүруіміз үшін. Сенің желтоқсандықтарды бандит деп атауға қалай дәтің барады? Жарайды, көше атауын ауыстыруға қарсы болғаның бірсәрі. Бірақ кезінде өлтірілген біздің жігіттерді... Мәскеуден келіп, улап, өлтіріп, жас қыздарды арматурамен ұрып, пацандарды қала сыртына апарып, аяусыз сабаған кезді қалай ұмытасың. Олар біздің еліміз үшін күресті, өлді, мақұлық сен! Сен қазір қайда жүрсің? Бізде қазір Алматыда Ресейден келген 600 мыңнан астам орыс қалыпты өмір сүріп жатыр, ешкім оларға тиісіп жатқан жоқ. Қалыпты өмір сүріп, қазақ тілін үйреніп жатыр. Бәріміз жақсы өмір сүріп жатырмыз! Міне, сен сияқты скотина-арандатушылар бастайды, бл..., өз дегеніне басып. Сен өзі қайдасың? Алматыға келші, өтініш, кел! Бетпе-бет сөйлесейік, нақұрыс сен осындай!»

Актердің бұл бейнежазбасы санаулы сағаттар ішінде әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, мыңдаған адамның қолдауына ие болды. Желі қолданушылары Сақатовтың тарихи шындық пен ел тәуелсіздігі жолында құрбан болғандарды қорғаған тік мінезін құптап, арандатушыларды заңмен жазалауды талап етуде.

Айта кетейік, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев те тарихи тұлғалар мен Желтоқсан құрбандарына тіл тигізген аталмыш блогердің үстінен іс қозғау үшін құзырлы органдарға шағым түсіретінін мәлімдеген болатын. Қоғамдағы бұл резонанс сөз бостандығы мен тарихи жадыны қорғау арасындағы шекараны тағы да күн тәртібіне шығарып отыр.