Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Шавкат Рахмонов биыл октагонға шықпайды

Қазақстан Республикасы ММА ұлттық федерациясының басшысы Сағындық Мекеев UFC файтері Шавкат Рахмоновтың чемпиондық атаққа жету мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Наш боец" YouTube каналына сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов биыл октагонға шықпайды
Фото: әлеуметтік желіден

"Мен бұған дейін де бірнеше рет айтқанмын, қазіргі таңда Ислам (Махачев) – нөмір бірінші спортшы, ал 77 келі салмақта оны жеңе алатын ешкімді көріп тұрған жоқпын. Шавкатта белбеуді жеңіп алу мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін оған көп нәрсе керек: ең алдымен қалпына келу кезеңі күтіп тұр. Ол өткен жылы ота жасатқан, жақында – шамамен бір ай бұрын онымен кездескен едім, ол маған: "Ағай, қайта жарақат алып қалдым", - деді. Содан кейін қайтадан Германияға реабилитацияға кетті, бұл оңалту жыл соңына дейін созылатыны анық. Биыл біз оны октагонда көрмейміз. Менің ойымша, ол қыс соңында немесе көктемге қарай дайын болып қалуы мүмкін", - деді Мекеев.