Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Щучинскідегі жарылыс: тағы екі адам ұсталды

"Центр плова Loft" кафесіндегі жарылысқа кінәлі деген күдікпен тағы екі адам ұсталды, деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының сайты.

Щучинскідегі жарылыс: тағы екі адам ұсталды
Фото: Baq.kz.

"Осы жылдың 20 сәуірінде арнайы прокурорлар автомобиль газ құю станциясының директорын, сондай-ақ газ баллондарды жеткізушіні ұстады. Олар баллондарды толтыру және жеткізу бойынша қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.

Күдіктілердің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306 - бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда екіден көп адамның ауыр зардаптары мен өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) сараланды. Аталған бап санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

"Күдіктілердің біріне қамауда ұстау, екіншісіне үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - дейді прокуратура.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәмхананың иесі ұсталған болатын. Жарылыстан 9 адам көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.