World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 22 сәуірде ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіледі.
Күндізгі сессия 54 келі. Назым Қызайбай - Виктория Рогалинска (Польша) 70 келі. Фарух Тоқтасынов - Севон Оказава (Жапония) Кешкі сессия 60 келі. Виктория Графеева - Емили Рзаева (Әзербайжан) 70 келі. Наталья Богданова - Бусеназ Сюрменели (Түркия) 50 келі. Даниал Сәбит - Иштван Шзака (Мажарстан) 80 келі. Диас Молжігітов - Марлон Севехон (Аустралия)
Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі). Диас Молжігітов (80 келі) жарыстың келесі сатысына шықты.