Прямая трансляция

Астана

Астана

21.52°C

Ақтөбеде депутат беташарға 4 миллион теңге салған

Ақтөбеде өткен беташарда 4 миллион теңгеге жуық ақша берген азаматтың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz sadaq.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде депутат беташарға 4 миллион теңге салған
Фото: видиодан скриншот

Кейінірек қомақты қаржы берген адамның жергілікті мәслихат депутаты әрі кәсіпкер Аслан Қайырғалиев екені анықталды. Аслан Қайырғалиев – бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты. Ол “Анвар” сауда желісін басқарады.

Айта кетейік, бұған дейін ол “Анвар” бөлшек сауда желісі директорының орынбасары ретінде облыс әкімдігімен 2026 жылға әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру жөніндегі меморандумға қол қойған.

Мұндай келісім аясында сауда желілері көбіне жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізіп, тұрақтандыру қорларынан өнім сатып алуда басымдыққа ие болады.