Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Нағыз надандық, обал емес пе": Асанәлі Әшімовтің цементтелген қабірі көптің ашуына тиді

Желіде марқұм Асанәлі Әшімовтің жатқан зиратынан видео тарады, деп хабарлайды paryz.kz.

"Нағыз надандық, обал емес пе": Асанәлі Әшімовтің цементтелген қабірі көптің ашуына тиді
Фото: видиодан скриншот

TikTok қолданушысы актер жерленген жерде жұмыстанып жүргендерді көрсеткен.

"Асанәлі Әшімовтің зиратын істеп жатыр екен. Мықты тұлғалардың барлығы осы жерде екен", - дейді видео авторы.

Қабіршілер болса, қалай басын қарайтатынын айтып берген. Осы тұста желі қолданушылары жаппай сыни пікір жазды. Көпшілік мәйіттің үстін цементпен жауып тастауға болмайтынын айтқан.

"Неге үстін цементтеп тастаған?", "Бұлай істеуге болмайды", "Сонша бастырып не болды", "Үстін жапқаны несі? Адамға бұл ауыр болады", "Надандық, олай жабуға болмайды", "Обал ғой", деді олар.