Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Астанадағы өрт: Үш баласынан айырылған ананың жағдайы ауыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Астанадағы өрт: Үш баласынан айырылған ананың жағдайы ауыр
Фото: istockphoto

Өрт 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйде болған. Өрт 15-қабаттағы пәтерден шыққан. Сол сәтте пәтерде отбасы болған. Оқиға салдарынан үш бала қаза тапты.

Анасы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, 39 жастағы әйел жедел жәрдем желісі арқылы түнде медициналық мекемеге жеткізілген.

Оған жалыннан дене бетінің 50-55 пайызын қамтыған II-IIIА-Б дәрежелі термиялық күйік, термоингаляциялық зақымдану және II-III дәрежелі күйік шогы диагнозы қойылған.

Науқас алдымен шокқа қарсы палатаға орналастырылып, оны травматолог, реаниматолог, ЛОР-дәрігер және токсиколог тексерген. Қараудан кейін әйел жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды, - деп мәлімдеді травматолог дәрігер Марат Сабиров.