Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Атыраудағы трагедия: журналист Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың деректі айтты

Журналист Гүлмира Әбіқай Атырауда болған қанды оқиғаға қатысты өз көзқарасын білдіріп, күдікті Ақбаян Мұқанғалиеваның психологиялық жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Paryz.kz .

Атыраудағы трагедия: журналист Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың деректі айтты
Фото: ІІМ

Оның пікірінше, Ақбаянның қазіргі күйін босанғаннан кейінгі депрессиямен байланыстыруға болады. Журналист бұл мәселе тек бір отбасының трагедиясы емес, қоғамдағы өзекті проблема екенін атап өтті.

"Ақбаян… 5-ші баласын туды, еш қолдау жоқ, күйеуі анау. Послеродовая депрессияны ешкім түсінбейді, жын кірді деп анда апарып, мында апарып, Индонезиядан бір-ақ шықты. Одан келіп өз ата-анасын, туғандарын өлтірген күдікті болып, ауытқу деп жындыханадан бір-ақ шықты. Балаларын құдай аясын", – деп жазды ол.

Сондай-ақ Гүлмира Әбіқай бұл құбылыстың кең таралғанын айтып, көптеген әйел дәл осындай қиын кезеңді жалғыз өткеретінін жеткізді.

"Босанғаннан кейінгі депрессия деп баса айтып отырғаным маған хат жазған көп әйел, дәл осы кезде босанған соң қолдау болмаған соң ажалын тапты. Ессіз көшеге шығып, емшектегі балаларын тастап, үй-жай, бала-шағасын ұмытып талай әйел із-түссіз жоғалып кетті ғой. Шолпан сол күйі табылмады, Ардақ жоқ болды, Шынар жындыханаға түсті... айта берсең көп. Ал, күйеулері еш уайымсыз 5-6 баланы тастап, жас әйел алып алған", – деп жазды.

Журналист әйелдерге үндеу жасап, ең алдымен өз бақыты мен психологиялық жағдайына мән беру керектігін атап өтті. "Сондықтан, қыздар, айналайын әйелдер! Күйеуді бақытты қыламын деп бала тумаңыздар, өзім бақытты боламын деп өмір сүріңіз! Бақытты әйелдің жанында бақытты отбасы бар", – деп түйіндеді ол.