Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қостанай облысында 4 мыңнан астам педагог кітап оқу марафонына қатысты

Қостанай облысында 4365 педагог «Кітап оқитын педагог» байқауының бірінші (мектепішілік) іріктеу кезеңі аясында 15 кітап бойынша онлайн-тест тапсырды. Байқау 2026 жылғы 17 наурызда өтіп, өңірде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ауқымды бастаманың маңызды кезеңіне айналды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қостанай облысында 4 мыңнан астам педагог кітап оқу марафонына қатысты

Жоба «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Аталған бастама 2025 жылдың қыркүйегінен бастап пилоттық режимде бірнеше өңірде, соның ішінде Қостанай облысында іске қосылған. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған кітап оқитын ұлт қалыптастыру идеясына негізделген. Жобаның басты мақсаты – қоғамда тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру, сыни ойлауды дамыту және кітапты білімнің негізгі көзі ретінде насихаттау.

«Кітап оқитын педагог» бағыты мектептер мен колледждердің мұғалімдеріне арналған. Қатысушылар қазақ, орыс және әлем әдебиетінен іріктелген 15 шығарма бойынша тест тапсырды. Байқау қазақ және орыс тілдерінде екі лигада ұйымдастырылды.

05.jpg.jpeg

Іріктеу кезеңіне облыстың барлық 20 ауданы мен қаласынан педагогтар қатысты. Оның ішінде 1549 қатысушы қазақ лигасында, ал 2816 педагог орыс лигасында бақ сынады. Онлайн форматтағы тестілеу мұғалімдердің білім деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары дипломдар мен сертификаттарға ие болып, келесі — аудандық және облыстық кезеңдерге жолдама алды. Олардың қатарында Жітіқара политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Фариза Токкабулова бар. Оның айтуынша, жобаға қатысу шығармашылық дамуға серпін беріп, кітап оқудың маңызын жаңаша түсінуге мүмкіндік жасаған.

Садуакасова Л.Т..jpeg

Қостанай қаласындағы №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ляззат Садуақасова да байқаудың кәсіби тұрғыдан дамуға ықпал еткенін атап өтті. Ол мұндай бастамалар ұстаздарды ортақ құндылық төңірегінде біріктіріп, оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға көмектесетінін жеткізді.

Байқаудың келесі кезеңдері 2026 жылдың сәуір айына жоспарланған. Қорытындысында өңірдің үздік кітап оқитын педагогтары анықталады.

Жобаны «AMANAT партиясы» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Қостанай облысының әкімдігі жүзеге асырып отыр. Өңірлік демеуші ретінде «Олжа Агро» агрохолдингі қатысуда.