Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Айжан Нұрмағамбетова сайлау учаскесінде ән шырқап, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бостандық ауданындағы №138 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова ән шырқауда, деп хабарлайды Paryz.kz.

Айжан Нұрмағамбетова сайлау учаскесінде ән шырқап, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесінің шағын концерті дауыс беруге келген тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, учаскеде ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Айжанның орындауындағы әндер көпшіліктің ықыласына бөленіп, тіпті билеп, қосылып ән салғандар да кездесуде.

Мұндай мәдени шаралар азаматтардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етуде.