Дінтанушы, уағызшы Нұрлан имам әлеуметтік желіде қыз-келіншектер арасында кең таралған косметологиялық процедураларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол ерінді үлкейтуге қатысты діни көзқарасын ашық айтып, мұндай әрекетті құптамайтынын жеткізді.
«Ерінді үлкейту — харам. Біздің намазхан қыздар істеп алғансыздар. Қияметте иншааллаһ жауап бересіздер. Сондықтан орамал таққан қыз блефаропластика жасатты ма, орамал шешетін күнің өте жақын, асықпа. Инстаграмға билеп құтырып шығып жатсың ба, сол нәрсеңде тұрақтап қал. Сенің бай болғаның қазаққа зияны жоқ, бірақ ақыры дұрыс емес. Сондықтан құдай ақырын оңдасын дейміз. Айтпақ болғаным, олай жасамаңыздар. Ерінді үлкейту жақсы емес», – деді Нұрлан имам.