Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Дубайда ән айтып, жұртты елең еткізді

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубай көшелерінде көліктің ішінде отырып ән шырқаған сәті түсірілген видео кеңінен тарады. Желіде жарияланған кадрлар көптің назарын бірден аудартты, деп жазды paryz.kz.

Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Дубайда ән айтып, жұртты елең еткізді
Коллаж: sn.kz

Видеоны Әдемі Тұрсынбекқызының өзі жүктегені айтылады. Кадрдан оның Бурдж-Халифа маңында көлікпен өтіп бара жатқанын байқауға болады. Жолда аялдаған тұста түсірілген бейнежазбада ол “16 қыз” әнін орындаған.

Сондай-ақ видео сипаттамасына: “16 қыз - Айым Аманғали”, – деп жазып қалдырған.

Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір қалдырған. Бірі алаңдаушылық білдірсе, енді бірі таңданысын жасырмаған: «Әкесі мен анасының өнері дарыған», «Дауысың қандай керемет!», «Дубайда тыныш па екен?», "Аман бол, сұлу қыз!", «Ақылды екені көрініп тұр», "Сана биігіндегі қыз" деп жазды желі қолданушылары.