Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесінің айтуынша ол "Қазақфильмді" басқарған кезде белгісіз бір топтың қастандығына ұшыраған. Сондықтан 1 жыл ғана басқаруға шамасы жеткенігін айтты.
"Қазақфильмнен кету себебім шаршағандықтан. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін айтып шаршадым. Аптасына 7 рет жұмыс жасадым. Талантты режиссерлерді тарттым. 5 жылдық бизнес план жасадық. Олар менің адалдығыма сеніп келді ол жерге. Қазақ фильмді 5 жылда табысқа шығаратын жоспар құрдық. Бірақ аяғымнан шалғандар болды. Қазірден осындай болса, кейін не болады деп ойладым. Қазірден жаманатты қылып көрсетіп жатса мен, ертең мені атып кетіп өлтіретін шығар деп ойладым. Күйген дүние күйіп кетсін деп Шәкен ағаның басына барып, рұқсат сұрадым. Қазір мүлде өкінбеймін. Көлігіме қастандық жасағандар болды. Күнде соғыс, күнде майдан болды. Өз отбасымды, баламды уайымдадым. Ватсапқа үйімнің адресін, суретін жібергендер болды белгісіз номерден. Сол Қазақ фильм төңірегінде жүрген тобыр бар", - деді актер.